Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529725
<

 введите текст 

введите текст

Конкурс сочинений

  1. Ергалиев Эльдар Курметулы
  2. 08. 2004ж., №2 Бескөл орта мектебі, 6 «Б» сынып
  3. Демисинова Динара Маратқызы

(ұялы телефон: 87774964142; эл. пошта: demisinova-d@mail.ru)

 

 

Шығарма

«Ана, мен сізді сүйемін!»

«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.
«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,
«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!

   Менің отбасымда ерекше бір адам бар – ол әрине менің анам. Ол маған оқуда да, үйде де, түзде де, кез-келген қиыншылық туындаса да ең үлкен көмекшім.
Анамның есімі – Анар. Ол 36 жаста.  Менің анам суретті өте жақсы салады, кішкентайымнан мені де осы өнерге баулыды. Жер бетінде анадан сүйіктірек және қымбат адам да жоқ.
Анашым менің ең жақын досым, өйткені ол мені сөзсіз түсіне алады. Ол қасымда болғанда мен зерігуді білмеймін. Анам маған және менің ағама өзінің теңіндей қарайды. Ешқандай жағдайда ол маған дауыс көтермейді, төмен бағалар үшін ұрыспайды. Мен де өз тарапынмнан оны жерге қаратпауға тырысамын. Менің бір нәрсеге қиналып жүргенімді анам бірден байқап қояды және бұл кезде менен көмегін аямайды. Ол қашан да құнды кеңестер береді.
Ана – деген сөз сәбидің өмірінде алғаш айтатын сөзі. Бұл сөзді айтуың мұң екен, ертегідегідей алдыңнан ең сұлу, ең мейірімді, ең сүйкімді әйел шыға келеді.

Басқа да әйел адамадарды көргенде мен олардың да біреудің анасы екенін түсінемін, сондықтан оларға сыйластықпен, түсіністікпен қарау керек деп білемін. Менің өзімнің анашымның қашан да дені сау және бақытты болғанын қалаймын.
Менің анам ақкөңіл. Менің талай тентектіктеріме қарамай анам мені бар жан-тәнімен жақсы көреді. Анам менің өмірімдегі ең қымбат жан. Ол мені жүруге, сөйлеуге, жазуға, оқуға үйретті. Анам маған өмір сыйлады. Мен анамды оның мейірімділігі, нәзіктігі үшін жақсы көремін. Осы мінезі үшін жақсы көремін.
Анашым, жан анашым! Бұл сөз әлемдегі ең маңызды сөз. Мен осы сөзді айта алғаным үшін мақтанамын.
   Мектепте, айналамызда ұстаздар, үйде туысқандарымыз. Олардың әр-бірі біреудің анасы, олар да балаларының өздерін түсінгенін және сыйлағанын тілейді. Ана – ол жер бетінде, бар ғаламда ең қымбат сөз! Мен үшін анам ең қымбат байлықтан артық. Ол маған қуыныш пен жан тыныштығын сыйлайды. Ер жеткенде аналарымыздың алдында қарызымызды өтеу біздің міндетіміз.
   Мен 8 наурыз мейрамын аса жақсы көремін, өйткені бұл күні анама сыйлық жасап қуантқанды ұнатамын.
   Қар еріп, жылғалар ағып, табиғат көктемнің хош иісіне толыға бастаған. Көктем келді. Міне сегізінші наурызға шамалы уақыт қалды. Халық аралық әйелдер күні. Бұл күн жер шарындағы барлық аналардың мейрамы. Әр әйел баласы бұл мейрамды атап өтеді.
   Мен өз анамды жанымдай жақсы көремін, оның ұзақ және бахытты өмір сүргенін тілеймін. Әлемде ананың болғаны қандай керемет!

Сыйлық қандай болса да, ең маңыздысы оны махаббатпен және өз қолыңмен жасап сыйласаң, ол аса зор қуаныш сыйлайды.
Әр адамның анасы әр басқа. Біреуі - көңілді, ал енді біреуі сонша көңілді емес. Біреудің анасы қара шашты, ал екіншінікі сары шашты. Бірақ олардың барлығына ортақ бір өсиет – ол баласына деген шексіз махаббат. Олар махабатты өзіне және баласына деп бөліп жармайды, ол махаббатын толығымен баласына төгеді. Баланың алғашқы сөзінің «ана» екендігі де мүмкін сондықтан болар.
   Ең жақын дос кім? Әрине ана. Анаңмен сең кеңесесің, қыдырасың, оған кез келген сұрақ қоя аласын. Анаңа кез келген құпияңды айтуға болады. Барлық әйел затының қайғы мұңды ұмытып, мейрамға қуанатындай күннің бар болғаны қандай жақсы!
   Мен анамнан айнымаймын, екеуміз бір тамшы судай ұқсаймыз. Мен анаммен барлық істі бірге атқарамыз. Ол маған сабағыма көмектеседі. Егер кез келген мәселе бойынша сұрақтарым болса, мен оны анамнан ақыл-кеңес сұраймын.
Мен барлық аналарға балаларын тәрбиелеуде шыдамдылық, денсаулық және бақыт тілеймін. Аналар әрқашан жас және сұлу қалпында қалсын.

Мен бала шағымда ең алғаш айтқан сөзімді білесіз бе? Әрине, ана. Мен үшін бұл ең маңызды сөз. Ана адасқанда жол көрсететін, жалыққанда көмегін аямайтын және дұрыс бағытқа жол сермейтін бірдей бір адам.
   Мен ер жетіп, армандағандай дәрігер болған соң, менің анам ешқашан сырқаттанбайтын болады.
Аналардың өз мейрамы бар – ол сегізінші наурыз. Бұл күні олардың құшағы сыйлықтар мен гүлге толады. Айналаның барлығы махаббаттарын білдіріп әйелдерді құттықтайды.  Аналарымыз үшін сегізінші наурыз күн сайын болса қандай жақсы болар еді. Барлығы өз қолымызды.
Бала шағымда мен тек ана деген сөзді ғана айта алатынмын. Сол сөзі айтқан сәтте-ақ, ол жаныма келіп менімен асыр сап ойнайтын, сөйлесетін, сөздерін ұқпасам да олар сондай жылы және мейірімге толы екенін сезетінмін. Анам екеуміз жазылмас жұппыз. Мен анамды өте қатты жақсы көремін, және өмірімді онсыз елестете алмаймын. Менің анам жер әлемдегі ең жақсы ана!
Мен анама қашанда көмектесіп тұруға тырысамын.
Ана ешқашан сатпайды және қиын шақта көмегін аямайды, сол себепті ол мен үшін адал дос. Мен анамды ешқашан ренжітпеуге, ал тек қана қуантуға тырысамын.

 

Лепшина  Алёна Владимировна

3.04.2011,  Бескольская средняя школа №2, 10 класс

Руководитель: Сарычева Людмила Александровна

(тел. 87772887372;  эл. почта  mila.sarycheva.58@mail.ru)

Сочинение

Я люблю тебя мама!

                                                              Всегда легко обидеть мать.

                                                              Она обиду не заметит.

                                                             И только может вам сказать —

                                                            «Не простудись, сегодня ветер».

                                                              Любите люди матерей, им в этой                      

                                                               жизни     мало надо.                  

                                                              Любовь и преданность детей для     

                                                              них     превысшая награда!                                              

        Весна .Все пробуждается к новой жизни, дышит свежестью и молодостью ! Весну открывает красивый радостный праздник - Международный женский день 8 Марта. Этот праздник ждут все женщины: взрослые  и маленькие. Для меня 8 марта ассоциируется с моей доброй, ласковой бабушкой и мамой!

       Мама - первое слово в жизни каждого человека .Мама-это человек, который заменит всех, но никто не заменит её. Для меня мама - самое дорогое, что у меня есть, ведь она дала мне жизнь. Я её очень люблю. Люблю не за что-то, а просто так, просто за то, что она у меня есть. Я очень горжусь и дорожу своей мамой. Ближе неё у меня никого нет. Мою маму зовут Наталья. Её имя с латинского языка переводится  родная,  этим все и  объясняется. Люблю мамину улыбку и большие голубые, как океан, глаза, которые сверкают озорными огоньками,  её руки, заботливые, тёплые, дорогие мне две ладошки. Я хочу сказать большое спасибо ей за то, что она научила меня  порядочности и честности. Я во всем стараюсь брать пример со своей мамы. Она умеет поддержать в трудную минуту и согреть своей теплотой, когда иногда мне бывает грустно и горько. Мама заботится о нас с сестрой, дарит нам свою доброту, заботу, нежность и материнскую любовь. Моя мама очень вкусно готовит, и я люблю помогать ей в этом. Узнаю много полезного во время приготовления пищи. Мама дает мне нужные и полезные советы,  которые пригодятся мне в жизни. Отношения у меня с моей мамой всегда очень близкие и теплые. Мы прекрасно ладим и понимаем друг друга почти с полуслова. Для меня мама - это самый близкий друг, с которым я всегда делюсь всеми своими проблемами, переживаниями и заботами. Я очень благодарна мамочке  за всё, что она делает. Конечно, нужно признаться… были случаи, когда я огорчала маму, огорчала её своими какими-то необдуманными действиями, не внимала некоторым ее советам, даже бывало делала все наоборот. Я просто не осознавала, что приношу этим маме огромную боль и столько переживаний! Мама - это имя Бога на устах и в сердце  каждого ребенка, так как Господь не может поспеть всюду одновременно, и поэтому он создал Матерей. Время ,проведенное с мамой, драгоценно, и я очень ценю каждую секундочку, которая позволяет мне находиться рядом с этой Святой женщиной-моей мамой!

      Моя любимая мамочка, сложно найти подходящие слова, чтобы описать всю глубину моей любви к тебе. Иногда мне кажется, что сильнее любить просто невозможно. Я безумно благодарна тебе за жизнь, за то, какая я есть на данный момент, за все то, что ты вложила в меня с огромной любовью и ожиданием того, что я обязательно стану хорошим человеком. Постараюсь не разочаровать тебя.  Ты всегда будешь моим героем и моим кумиром! И сколько бы мне не было лет, пятнадцать  или пятьдесят, мне всегда нужна будет мамина  улыбка и любовь. Спасибо тебе, мамочка, за то, что ты рядом со мной!


Балтабек Аружан Сакенқызы,  15.04.2005 жыл

№2 Бескөл орта мектебінің 6 «А» сынып оқушысы

Мұғалімі: Қажымұратов Жақсылық Сандыбайұлы

 

 

Менің анам - мұғалім

Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Балапанын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді. Біз қазақ деген ұлы халықтың ұрпағымыз. Қыз Жібек пен Баян Сұлудың, Мәншүк пен Әлияның сіңлілеріміз. 

Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі - Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз.

Халық арасында ананы қадірлеу, ананың орны туралы даналық сөздер көп. Мұхамет пайғамбардың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады: «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса» делінген. «Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, соның өмірі ұзартылады», «Жұмақтың кілті - ананың табанында». Осы сөзден кейін есі бар, жер басып жүрген бүкіл адамзаттың анаға бас иіп, тағзым етпеуі үлкен қателік. 

Мен де анамды қатты жақсы көремін. Сыйлаймын, амандығын тілеймін. Бірақ кейде оны ренжітіп алып жатамын. Мен өзім шыдамсыз, тез ашуланатын баламын. Кейде анама бұлданып, қарсы сөйлеп қалатыным бар. Бірақ ашуым қайтқан соң «Бекер айттым-ау!» - деп өкініп қалам. Қанша ашуға бой алдырмауға тырыссам да, ойлағаным болмай қалады. Бірақ анам кешірімшіл, ақылды, байсалды кісі. Ол менің мінезімді біледі. Кейде ол да маған қырсығып қалатыны бар. Артынша мен анама барып көңілін табуға тырысамын. Бетінен сүйіп, жылы сөздер айтамын... 

Анамның жүрегі ауырады. Кейде қатты ауырып қалатыны бар. Мұндай кезде шыбын жаным шырылдап, Тәңірден амандығын тілеймін. Бұл өмірде достарым, туыстарым қаншалықты көп болғанымен, олардың  жаны анамдай ашымайтындай болады. Анашым - отбасымның тірегі. Барлығы, тіпті әкем де, жасы үлкен-кіші туыстарым да бір іс бастарда, басқа да жағдайларда анаммен ақылдасады. Ол барлық мәселенің шешімін тауып, реттейді, кеңес береді. Көп адамдар анама «Көз тиген» - дейді. Анам - табиғатынан жаны да, келбеті де үйлесім тапқан ажарлы кісі. Оны қатты жақсы көремін, тек кейде қателік жасап қаламын. Анашым мені түсінетіне күмәнім жоқ. Анам ауырмаса екен. Олсыз өмірім не болмақ?! Мен қалай өмір сүрем, білмеймін.

Менің отбасымдағы ағам да, сіңлім мен кішкентай інім де ата – анамыздың амандығын тілейді. Анамыз әр қашан күлімдеп, жарқырап, отбасымыздың ұйытқысы болып көп жасай берсін дегім келеді. Анамыздың өмірлік таңдаған жолы ұстаздық жол. Ол үйде ғана ана емес, мектепте көптеген шәкірттердің анасы. «Әке көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер» - дегендей мен өзімнің анам сияқты мұғалім болғым келеді. Анамның арманы бізді  тәрбиелі де, білімді азаматтар қылып өсіру. Сол арманына жету үшін біз де атсалысып, жақсы білім алып, айтқан ақылын тыңдап, жақсы азамат болуға тырысамыз.

Құдайым, анам аман болсыншы! Барлық аналар аман болсын! Аналар өмірде еш қиындық көрмей, жасай берсінші! Аналардың көңіліне кірбің келтірмейтін саналы, білімді ұрпағымыз көбейіп, еліміз көркейе берсін!Амин.


  1. Кожакова Карина Сериковна
  2. 07.2005 ж., № 2 Бескөл орта мектебі, 5 «В» сынып
  3. Ахметова Жанна Дүйсенбайқызы

(ұялы телефон: 8-747-827-90-81; эл.пошта: akhmetova_zhanna@bk.ru)                                             

 

Шығарма

    «Мен сені сүйемін, анашым!»

 

Ана-жүрек,жүректі құдіретте

                                                                  Ана-тірек,тіректі құрметте,

                                                                  Ана-шыңың,шыңыңа сағынып жет

                                                                   Ана-күнің,күніңе табынып өт. -

                                                                                     деп жырлағым келеді.

                   Ана... Бар болғаны үш әріптен құралған сөз. Бірақ мағынасы теңіздей терең, қол жетпес көк аспандай, қажеттілігі адамға ауаның қажеттілігіндей манызды, дүниедегі ең, ең, ең қымбат сөз. Бұл сөз иесі бар әлемдегі ең ардақты, ең аяулы, ең сүйкімді, ең сүйікті ЖАН! «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды» демекші, расында да анамыз бар кезде біз өзіміз әлі де сәбидей, сәби болмаса да қорғаны бар, ұясы бар балапандай, шатыры бар керегедей, аспаны бар жұлдыздай, құнары бар топырақтай, ағашы бар жапырақтай, көктемі бар самал желдей, жаза бар жайнаған гүлдей, күзі бар жаңбырдай, қысы бар қардай, қысқасы, жаны бар адамдай сезінеміз. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді.Оның мейірімділігінде шек жоқ.

         Анамның аты - Данагүл. Ол 35 жаста. Ол Новое ауылында дүниеге келді. Менің анамда төрт әпкесі, бір сіңлісі, бір інісі бар. Ол өз анасына, әпкелеріне көмектеседі. Менің анам дүкенде сатушы болып жұмыс істейді. Анам мейірімді, сүйкімді, аккөңіл, адамдармен тез тіл табысып кетеді, әдемі, ақылды адам. Мен анамның күлкүсін, әдемі көздерін, жылы қолдарын жақсы көремін.Ол қиын жағдайда бізді қолдайды, қол үшін береді. Туғаннан  бері анам әпкеме және маған өз мейірімін, қамқорлығын, нәзіктісін және ана махабатын сыйлайды. Мен анама бар істегеніне мың рақмет айтқым келеді. Мен анама үй жинауға, тамақ пісіруге көмектесемін. Анам мені өмірде керек көп жақсы  нәрселерге үйретеді.

Анам, анашым! Сен осы нәзік сөздерге лайықсың! Сен әпкем екеумізге өмір сыйладың, бізге өзіңді арнадың.

         Мен анамды ешқашан ренжемесін деп, әрқашан көңілді болғанын қалаймын. Анама тілейтінім денсаулық, бақыт! Оның армандары орындалсын деп тілеймін! Мен өз  анамды шын жүректен сыйлаймын! 

         Біз, әпкемен бірге,  өз өмірімізді сүйеуміз керекпіз, себебі бізге тағдыр мейірімді, ақылды, Дана анамызды сыйлады.

Еркелесем,күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Мандайымнан иіскеп менің,

                        «Құлыншағым,күнім!»-дейтін.

                        Әлемдегі ақылды адам,

                        Бәрінен сол жақын маған!

                        Ол жанымда жүрсе,мен де

                        Батырларша батылданам.

              Жамандықтан сақтандырып,

              Жақсы ісімді мақтан қылып.

Ақ маманды мен әрқашан

 деймін шаттандырып 

Осы Фариза Онғарсынова өлеңге сүйенсек, әрбір адам, кім болса да өз анасын сыйлау керек!!!

Анадан артық дос бар ма?

Ашудан жаман қас бар ма?

Жиырма бестен жақсы жас бар ма?

Қымыздан тәтті ас бар ма?

Өз шығармамды осы аңызбен аяқтағым келеді. Бұл аңызда анамыз біздің досымыз, құрбымыз, бүкіл әлеміміз сияқты. Ол бізді қолдайды, қостайды.  Әрбір жауапты шешім қабылғанда аналарымыз өз пікірін айтады. Ал, тыңдайық...

«Ананың махабаты»

Бір күні анасына оның балалары келді, өз араларында  қырлысып және бір-біріне өз дұрыстығын дәлелдеп, сұрақпен: бұл әлемде ол кімді қатты жақсы көреді?

Аналары шамды жағып, сөйлеуге бастады:

  • «Міне шам - бұл мен! Оның оты - менің махабатым!»

Кейін ол тағы бір шамды алып оны өз шамынан жарық етті.

  • «Бұл менің тұңғышым, мен оған өз отымды, өз махаббатымды бердім! Мен берген отыным аз болды ма? Жоқ, ол өз қалпында жанып тұр…»

Содан кейін ол қанша бала болғаны, сонша шам жандырды, және оның  шамның оты сондай үлкен және жылы болып қалды….

Әр ана өз балаларын ешқашан бөлмейді. Өз аналарыңды жақсы көріңдер,сыйлаңдар,бағалаңдар!!!

Мен сені сүйемін, анашым! Ешқашан да сені ренжітпеймін! Көзі жасы шықса, қуаныш көзі жасы болсын! Анашым, үлкен болсам да, сіздің кеңестеріңіз, ақыл сөздеріңіз ешқашан да ұмытпаймын! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша материал

 

 

Жазғы уақыт  тамаша

Әкем, анам қасында

Серуенді ұнатамыз

Бос уақытта демаламыз.

 

«Жазғы демалыста»

«Шыршада»

 

 

Аяз ата келе жатыр

Бізге сәлем бере жатыр

Бір қолда шоколад, бір қолда мармелад

Сондай тамаша мереке!

      «25 мамыр»

 

Мен анамды ренжітпеймін,

                   Мен анамды құрметтеймін!

                          «Тойда»      

   

Кім үлкенді тыңдаса,

                                Кім үлкенді сыйласа,

                                Үлкен болған кезінде

                                Сыйлы болар өзі де!

 

                                       

Менің анам ерте тұрады

                                Күнде  жұмысқа барады

                                Ана, ана, анашым,

                                Мен білім аламын

                                Саған көмекші боламын!

 

 

 

 

 

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь