Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529725
<

 введите текст 

введите текст

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2021 жылдың 15 қаңтарында «Парасат» мектеп-лицейінде мектеп кітапханашысы Айсулу Достеновна Смагулова, оқырман белсенділігін арттыру және оқу сапасын жақсарту, балалар мен жастардың мәдени және оқырмандық құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойына жоғары азаматтық және рухани – адамгершілік бағдарларды қалыптастыру мақсатында «Мектепке кітап сыйла» акция-күнін өткізді.
Мақсаты: мектеп кітапхана қорын заманауи басылымдармен, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ғылыми, тарихи, көркем және балалар әдебиеті тақырыптарындағы әдебиеттермен толықтыру.
Акцияға мектеп ұжымы мен ата-аналар және оқушылар қатысты. Жеке кітапханасынан қызықты, танымды көркем әдеби кітаптарын риясыз сыйлаған мектеп директоры Елеукина С.К, Саурбаев М.Н, Ахметжанова З.К, Ибраева А.М, Шарипова К.С, Искакова С.Ж, Бекболатова Б.Е, Абилев А.Ж, Хасенов М.Е және оқушыларымыз Қажай Н, Болат Б, Гарипова А, Елубаева А. Сыйға тартқан кітаптар өз оқырмандарын тауып, біздің оқырмандарымызды қуантады. "Мектепке кітап сыйла" акциясы жалғасын табады.
Кітапхана үшін ең жақсы сыйлық – кітаптар.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь