Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529725
<

 введите текст 

введите текст

Шәкірт жүрегіне жол тапқан Ұлағатты ұстаз Дәметкен Хасенқызы туралы сөз

Шәкірт жүрегіне жол тапқан Ұлағатты ұстаз Дәметкен Хасенқызы туралы сөз

Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең …

       Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.
Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. "Ұстазды алтын діңгекке теңер едім", – деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері кәсіби ұстаздар жетерлік. Солардың бірі – «Парасат» мектеп-лицейінің мұғалімі Дәметкен Хасенқызы. Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған Дәметкен Хасенқызы жайлы ерекше ілтипатпен айтуға болады. Ол – ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген Дәметкен Хасенқызы ұстаздың өмірі – болашақ үшін үлкен өнеге. Ол – Қарағанды елінің тумасы. Ата-анасы қарапайым шаруа адамдары болды. Аяулы анасы медбике,асқар таудай әкесі жүргізуші болған.Отбасында 10 бала тәрбиелеген. Олар өз бауыр еті балаларының тиісті білім алып, үлкен азамат болуын армандады. Сол үшін де барлығын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай мәпелеп тәрбиеледі. Әсіресе, қыр гүліндей құлпырған қызғалдақтарының ішінен Дәметкеннің  болашағына ерекше үлкен үмітпен қарады. Жастайынан білімге құштар Дәметкен ата-анасының сеніміне еш шүбә келтірген емес. Мұғалім болу арманы, тұлымы желкілдеген жас қыз мектеп бітірісімен Қарқаралының Бақты совхозында,өзінің туған мектебінде 4-6 сыныптарға математика пәнінен дәріс беріп жас маман ұстаздық еңбек жолын бастайды .1976 жылы Целиноград мемлекеттік пединститутына оқуға түседі. Төрт жылдан кейін алғашқы еңбек жолын Қарқаралының Жамбыл ауылында  бастайды."Жас келсе – іске" дегендей, аз ғана уақытта жас маман аталмыш мектептің тәжірибелі ұстаздарынан мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын жан-жақты түсініп, үйреніп, оған өз талпынысын қосып, ұжым ортасында беделді бола білді. Кейін Солтүстік Қазақстан облысы,Есіл ауданы,Петровка ауылында  ұстаздық қызметті абыроймен жалғастырады. Уақыт бір орнында тұрмайтыны анық. 1995 жылы отбасылық жағдайға байланысты Қызылжар ауданы Бескөл ауылына көшіп келіп, Бескөл мектеп гимназиясында математика пәнінің мұғалімі ретінде қызметке орналасады. 1998 жылы Бескөл ауылында негізгі қазақ мектебі ашылып 1999-2005 жылдар аралығында мектепте оқу ісінің меңгерушісі қызыметін атқарады.Содан бері біраз уақыт өтті. Жүйткіген уақыт ешкімге жеткізер емес...Жақында Дәметкен Хасенқызы зейнеткерлік демалысқа шықпақшы. Әйтсе де бойынан сол бір жастық жігердің ұшқыны жылдар өтсе де әлі де сөнбегенін сөзбен емес, нақты істер арқылы көрсетуде. Ұстаздың қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы өзгелерден оны ерекшелендіреді. Оның қайсар мінезі, қазақи ақжарқындығы мен қызметіне деген адалдығы жас мамандар үшін үлгі боларлық. Қазақтың әйгілі жазушысы Ғ.Мүсірепов "Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім" демекші, Дәметкен Хасенқызы- «Парасат» мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі,ұзартылған күн тобының тәрбиешісі. Оқушылардың оң бағытқа жол сілтер ақылшысы, кез келген сәтте көмек қолын соза білетін қамқор ұстаз. "Бұлақ көрсең, көзін аш" демекші, қаншама дарынды жастардың білім айдынына еркін қанат қағып, самғау биігіне көтерілуіне дем беріп, ақыл-кеңесін беруде. Ол әр кезде өнерлі де өрелі Сансызбаев Қайрат,Ақжанов Баян,Молдабаев Мадияр, т. б шәкірттерін үнемі мақтан тұтады. Ол тек қана нағыз ұстаз ғана емес , өз отбасының мәуелі бәйтерегі. Екі баланың анасы, асыл әже.Жолдасы Аман екеуі ата-ана орнын басып, бауырларына қашанда көмек қолын ұсынатын таза жүректі, мейірімді жандар.

               Бастауыш сыныптар бойынша ОТІМ С.Қ.Искакова
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь