Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529725
<

 введите текст 

введите текст

«Тіл тірегім – соғып тұрған жүрегім» атты зияткерлік сайыс-сабағы

«Тіл тірегім – соғып тұрған жүрегім» атты зияткерлік сайыс-сабағы

 

Мақсаты:

  • Оқушылардың ана тілге деген құрметін, сүйіспеншілігін ояту;
  • Тілдерін дамыту, мәнерлі сөйлету, ой өрісін кеңейту;
  • Туған жеріне құрмет көрсете білуге,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

 

Сайыс-сабаққа 2 сынып оқушылары қатысты.

 

Зияткерлік сайыс-сабағы екі бөлімнен тұрды:

  • «Тіл – ұлттың негізі» атты бейнефильм және әдеби монтаж
  • Сайыс-сабақ

 

Сайыс-сабақ  6 бөлімнен тұрады:

  • “Қас – қағым сәтте”

Әр топқа дүниетану мен қазақ тілі пәндері бойынша бес сұрақтан қойылды.

  • “Тұлғаны тани біл”

Оқушылар арасында қазақтың танымал ақын-жазушыларының мерейтойларына орайластырылған атаулы күндер бойынша әдеби таным деңгейлері сынға салынды.

  • “Сандар сыры”

Тапсырма ретінде берілген сандарды мерекелік атаулармен сәйкестендіру.

  • “ Мақал - сөздің мәйегі ”

Жанкүйерлер арасында өткізілген сайыс.

  • “Көкпар”

Берілген тірек-сөздердің төңірегінде мағынасы сәйкес келетін сөздер тізбегін құрастыру.

  • «Ойлы болсаң, озып көр!»

Бейнеролик арқылы берілген қазақ тіліне байланысты логикалық сұрақтарға жауап беру.

 

Ойынға талдау:

 

Сайысқа 3 команда қатысты: «Жігер», «Атамекен», «Білім». Командалар 2 сынып оқушыларынан жасақталды. Сайысқа төрелік ету үшін әділқазылар алқасы сайланды.

 

Әрбір топ 5 оқушыдан құралды.  Қалған оқушылар сайысқа қатысушылардың жанкүйерлері ретінде ат салысты.

 

Нәтижесінде, «Білім» тобы жеңіске жетті.

Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізілді. Сайысқа қатысушылар, әділқазылар алқасы сайысқа оң баға беріп, жылы ілтипаттарын білдірді.

 

Іс-шара үшін жауапты:

Бастауыш сынып мұғалімдері – А.Ш.Садуова, Б.С.Кабдулмажитова, Ж.Т.Жанабекова.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь