"Қарттарым аман - сау жүрші!" атты қарттар күніне арналған ашық тәрбие сағаты
Жас ұрпақ адамгершілік қасиетті насихаттау үлкенді сыйлауға, құрметтеуге баулу, қарт адамдарға қол ұшын беруге дайын тұруға үйрету және инабаттылыққа тәрбиелеу, бүгінгі мұғалімдердің міндеті. "Қарты бар ел - қазыналы ел" дейді халқымыз. Сондықтан сол қазынамызды қастерлей білу, олардың қарттығын мұңсыз өткізуге жағдай жасау - біздің парызымыз - дей отыра, мектебімізде қарттарымызды қолдауайлығына байланысты бірнеше іс - шаралар жоспарланып, өткізілді. 26-30 қыркүйек аралығында бастауыш сынып мұғалімдері оқушылармен сынып сағаттарын өткізді. Нұрмолдина Қарлығаш Қайыргелдіқызы мен Малгаждарова Әсел Мырзабайқызы мектепішілік ашық тәрбие сағатын тарту етті. 30 қыркүйек күні "Қарттарым аман сау жүрші!" атты мерекеге 4 "а", 4 "ә" сынып оқушылары 20 ата - әжелерін қонаққа шақырып, оқушылар концерттік бағдарлама өткізді. Концерттік бағдарламадан кейін қартарымызды дастархан басына шақырып, тәтті шай жасады.