Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529725
<

 введите текст 

введите текст

«Намыс-дода» спорттық іс-шара

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі Күніне орай Бәйтерек орта мектебінде жоспарлы түрде әр түрлі іс-шаралар өткізілуде. Осы іс-шаралардың оқушылар үшін тәрбиелік мәні өте зор. Ата-бабамыз бізге мұра етіп қалдырған ұлан-ғайыр жерді қорғау үшін денесі мығым, батыр да ержүрек ұрпақ керек. Олай болса егемен еліміздің болашағы, қорғаны болатын ұл-қыздарымыздың қатысуымен «Намыс-дода» атты спорттық іс-шара да ұйымдастырылды.
Мақсаты: 

Салауатты өмір салтын насихаттай отырып эстафета спорттық ойынын дамыту және спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту.

Оқушылардың дене дайындығын арттырып, денсаулығын нығайту.

Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


«Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым, мұң тілменен,

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген- деп Ж. Молдағалиев

аталарың айтқандай бәрің де егемен еліміздің бақытты ұл-қыздарысыздар. Ата-бабамыз бізге ұлан-ғайыр жерді мұра етіп қалдырған. Осы ата-бабаларымыздан қалған жерді қорғау үшін денесі мығым, батыр да ержүрек ұрпақ керек. Олай болса егемен еліміздің болашағы, қорғаны болатын ұл-қыздарымыздың қатысуымен өтетін «Намыс-дода» атты спорттық сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Салауаттық өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Денсаулықты жанымызға серік қып,

Болашаққа аманат қып жолдаймыз

 

Бұл сайысқа «2-4» сынып оқушылары қатысады.

Бүгінгі сайысымыз 9 бөлімнен тұрады.

I. І. Таныстыру. ( тобымен,ұраны таныстыру)

ІІ. Музыкамен жаттығулар жасау.

ІІІ. «Эстафета» ойыны.(ширату)

IV. «Кенгуру» Үлкен доппен секіру. (Есеп шығару)

V. «Тасбақа» (Кедергімен жұру)

VI. «Кім жылдам?» (нысанаға доп лақтыру)

VII. «Поезд»

IX. «Доп алып жүру»

X.Капитандар сайысы (Қол күрес)

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь